Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы қазақстандық спортышалрдың қарсыластары анықталды

Теннистен 4-9 тамыз аралығында Чехияның Простеев қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы B тобына түсті. Біздің команда бұл топта Германия, Жапония және Гонконг құрамаларымен кездеседі.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еліміздің намысын Ахмади Маханов, Хақназар Жеткербай және Әмір Асқар қорғайды.
Германия құрамасы - 2014 жылғы әлем чемпионы. Ал Жапония құрамасы 2011 жылы әлем чемпионатының финалисі атанған болатын.
Алматыда жеңіл атлетикадан ірі халықаралық жарыс өз мәресіне жетті
Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында командалық есепте үшінші орын алды
Екі қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты
Назар Қожанов суға секіруден әлем чемпионатында жеке рекордын жаңартты