«Ақтөбе» клубы бапкер ауыстыру нұсқасын қарастырмайтынын мәлімдеді

«Ақтөбе» клубы бапкер ауыстыру нұсқасын қарастырмайтынын мәлімдеді

Вячеслав Левчук «Ақтөбе» бас бапкері қызметінде қалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде ақтөбелік команданың баспасөз қызметі мәлімдеді:

«Кеше әлеуметтік желілерде команданың бас бапкері Вячеслав Левчуктің орнын босату туралы арыз жазды деген хабар тараған болатын. Бұл жаңалықты растай отыра, клуб басшылығы Вячеслав Дмитриевичтің арызын қанағаттандырмағанын хабарлаймыз. Бапкерге клуб ұжымы әлі де сенім білдіреді. Сол себепті, команда кішігірім демалыстан кейін, Вячеслав Дмитриевичтің басшылығымен жаттығуын жалғастырмақ. Команданың келесі матчты Абай облысының «Елімай» командасына қарсы сырт алаңда өтеді», - деп жазылған хабарламада. 

«Ақ-қызылдар» кеше ҚПЛ 19-туры аясында «Жеңістен» жеңіліп қалды (0:2). Оған дейін «Тобылмен» тең ойнаған еді (0:0).

Ал Еуропа лигасында «Легияға», Конференция лигасында «Спарта Прагаға» жол беріп, еурокубок маусымын да ерте аяқтады.

Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» ықтимал қарсыласы белгілі болды

«Қайрат» – «Слован» матчына төрешілер тағайындалды

«Қайраттың» Еуропа лигасындағы мүмкін қарсыласы анықталды

«Слован» «Қайратқа» қарсы матч алдында сенімді жеңіске жетті


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или