Азия чемпионаты: бүгінгі күннің күндізгі сессиясында төрт боксшымыз шаршы алаңға шықты

Азия чемпионаты: бүгінгі күннің күндізгі сессиясында төрт боксшымыз шаршы алаңға шықты

Тайланд астанасы Бангкок қаласында жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Бүгін қазақстандық тоғыз боксшы шаршы алаңға шығады. Оның төртеуі күндізгі сессияда шығып кетті – екеуі жеңіп, екеуі жеңілді.

Ең бірінші болып шаршы алаңға Әсем Таңатар (60 келі) мен Аружан Жаңабаева (65 келі) шықты. Екі бұрымды боксшымызда қытайлық қарсыластарына есе жіберіп, келесі кезеңге өте алмады.

Ал, ерлер арасында 60 келідегі Нұрислам Қалдыбаев қырғызстандық, 65 келідегі Илья Калинин кореялық қарсыластарын тізе бүктіріп, жартылай финалға шықты.

Артур Бетербиевтің келесі қарсыласы анықталды

Бокстан Азия чемпионаты. World Boxing. Тікелей эфир, төртінші күн

Сымбат Әлиасқар ширек финалда жекпе-жек өткізді

Әділбек Қожахан Азия чемпионатын сәтті бастады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или