Михаил Кравец «Барыс» клубының жаңа бас бапкері атанды

Астаналық «Барыс» хоккей клубы ресейлік маман Михаил Кравецтің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін клубта бапкер қызметін атқарған Ғалым Мәмбеталиевпен келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылды.
Жаңа бапкермен келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалды. Тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Михаил Кравец бапкерлік жолын 2001 жылы бастаған. КХЛ аясында «Витязь», «Амур», «Авангард» және «Куньлунь» командаларының тізгінін ұстаған тәжірибелі маман.
Жаңа маусымға арналған «Барыс» клубының жаттықтырушылар штабы:
- Бас бапкер — Михаил Кравец
- Бас бапкердің көмекшісі — Талғат Жайлауов
- Шабуылшылар жаттықтырушысы — Александр Савченков
- Қорғаныс жаттықтырушысы — Евгений Королев
- Дене дайындығы жаттықтырушысы — Денис Малинин
- Видео-талдау жаттықтырушысы — Сергей Тамбулов
Қазақстандық клубта Талғат Жайлауовтың орнын кім басқаны белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или