«Интер Майами» Месси жайлы мәлімдеме жасады

«Интер Майами» Месси жайлы мәлімдеме жасады

«Интер Майами» командасының баспасөз қызметі команда шабуылшысы, әрі капитаны Лионель Мессидің денсаулығы туралы жаңартылған ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Тексеру нәтижесі оң аяқтың бұлшық еттерінің жеңіл жарақатын растады. Қатарға қай уақытта оралатынын клиникалық жағдайына және ағзаның емге реакциясына байланысты болады", - деп хабарлады америкалық клубтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, Месси кеше Лига кубогы аясында «Некасамен» өткен ойынның (2:2) 11-минутында алаңнан кеткен болатын. Осы маусымда Месси MLS матчында 18 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.


Месси жарақат алып қалды

Месси болашағы жайлы шешім қабылдады

Месси МЛС-тің шілде айындағы үздік футболшысы атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или