Қазақстандық теннисші Канададағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды

Қазақстандық теннисші Канададағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Төртінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы украиналық Даяна Ястремскаяны (WTA рейтингінде 35-орында) 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина жеті эйс жасап, тоғыз қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Жартылай финал жолдамасы үшін Елена украиналық Марта Костюкпен кездеседі.

Рыбакина маусымдағы эйс саны 300-ден асқан алғашқы спортшы атанды

Елордада Президент кубогының жеңімпазы белгілі болды

17 жастағы Дамир Жалғасбай алғаш рет ересектер арасындағы турнирде топ жарды

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или