Қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық еркін күрес балуаны Бекасыл Асамбек Афинада (Грекия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz

60 келі салмақта «қола» үшін өткен белдесуде Асамбек ирандық Ариан Мехрализадемен белдесті. Бұл кездесу де 9:0 есебімен қазақстандық балуан жеңіске жетті. Осылайша, Бекасыл Асамбек әлем чемпионатының қола жүлдегері атанса, қарсыласы турнирді жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен қазақстандық Данаел Әбдіқасым (51 келі) мен Дінмұхаммед Қасымбек (80 келі) де қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Польшадағы турнирде қазақстандық балуандар тағы екі медаль жеңіп алды

Әйелдер күресінен жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: Мадхия Усманова алтын медаль иеленді

Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері Польшадағы турнирде алғашқы медальдарға қол жеткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или