Сымбат Әлиасқар ширек финалда жекпе-жек өткізді

Сымбат Әлиасқар ширек финалда жекпе-жек өткізді

Қазақстандық боксшы Сымбат Әлиасқар 2025 жылы Бангкокте (Таиланд) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалында жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

54 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалда Әлиасқар Тайвань боксшысы Чин Лин Чумен кездесіп, үш раундтық жекпе-жекте төрешілер шешімімен Линь Чу жеңіске жетті. Осылайша, Тайваньдық спортшы жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлде алады.

Айта кетейік, Бангкоктағы 19 және 22 жасқа дейінгі Азия чемпионаты World Boxing ұйымдастырған тұңғыш құрлықтық жастар турнирі.

Әділбек Қожахан Азия чемпионатын сәтті бастады

World Boxing: Қазақстандық жас боксшылар Азия чемпионатын сәтті бастады

Томирис Мырзақұл Азия чемпионатында жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или