Елордада Президент кубогының жеңімпазы белгілі болды

Елордада Президент кубогының жеңімпазы белгілі болды

Астана қаласында теннистен Президент кубогы үшін челленджер турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Финалда әлемнің 187-ракеткасы, норвегиялық Николай Будков Кьер рейтингіде 420-орындағы италиялық Александр Биндуді 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Осылайша, 18 жастағы норвегиялық теннисші 8 350 долларға қоса 50 рейтингілік ұпайға ие болды. Бұл — оның спорттық жолындағы челленджер жарысындағы үшінші титулы.

Жұптық сында жапониялықтар Тайсей Ишикава — Кокоро Исамура үздік шықты. Олар соңғы бәсекеде филиппиндік Фрэнсис Алькантара — кореялық Сун Пакты ұтты — 7:5, 2:6, 10:5.

Қазақстандық теннисші маусымдағы эйс саны 300-ден асқан алғашқы спортшы атанды

40 жастағы қазақстандық теннисші Канададағы жарысты сәтті бастады

Александр Бублик әлем рейтингінде бес саты жоғары көтерілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или