Хабиб Нурмагомедов боксшы Флойд Мейвезерді сынға алды

Хабиб Нурмагомедов боксшы Флойд Мейвезерді сынға алды

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов боксшы Флойд Мейвезерді сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұрынғы ММА файтері америкалықтың Израиль мен Палестина арасындағы қақтығысқа қатысты ұстанымына көңілі толмағанын білдірді.

«Оның бір елге қолдау білдірген видеосын көрдім. Ол мұның бәрін ақша үшін жасап жатыр деп ойлаймын. Мансабы кезінде де ол тек гонорар үшін жекпе-жекке шықты. Ал мен өзімнің мұрам үшін күрестім», — деді Хабиб Нью-Йоркте өткен ашық кездесу барысында.

Жанкүйерлермен жүздесу кезінде Хабиб Ислам Махачев, Умар Нурмагомедов және Усман Нурмагомедовтың алдағы жекпе-жектерін де жария етті.

Хабиб Макгрегордың UFC-ге оралу мүмкіндігін бағалады

Абсолют чемпион мен блогердің айқасы: Усик ММА ережесімен жұдырықтасуға дайын

Ислам Махачевтің UFC-де титулдық жекпе-жегі жарияланды




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или