Бруну Фернандеш Криштиану Роналдудың ұсынысынан бас тартты

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш командада қалатын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, 30 жастағы футболшы Сауд Арабиясының «Әл-Наср» командасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың шақыртуынан бас тартқан. Ол «Әл-Насрға» ауысуға қызығушылық танытпаған және «Манчестер Юнайтедтегі» ойынына толық көңіл бөлмек.
Өткен маусымда Фернандеш барлық турнирде 57 матч өткізіп, 19 гол соқты және 19 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или