Дамир Рыспаев мұз айдынында жаттығу өткізді

Дамир Рыспаев мұз айдынында жаттығу өткізді

Қазақстан құрамасы мен «Барыс» клубының бұрынғы қорғаушысы Дамир Рыспаев мұз айдынында жаттығу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Дамирді Қазақстан чемпионатында «Номад» сапында көреміз бе? Шамасы, әлі де деңгейде ойнай алатындай!», – деп жазды "Golovoi_ob_led" телеграм-арнасы.

Еске салайық, Дамир Рыспаев хоккейші мансабын аяқтаған. 2020 жылдың сәуір айының соңында оның «Барыспен» келісімшарты аяқталған, ал маусым айында клуб ойыншымен келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеген болатын.

Әр жылдары Рыспаев «Барыс», «Беркут», «Торпедо» және «Номад» командаларында ойнаған. Қазір ол кәсіпкерлікпен айналысады.

«Сарыарқа» клубының бұрынғы бапкері қылмыстық іске ілінді

«Арланда» қалды: Тарасенконың жаңа маусымдағы жоспары белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или