Антон Худобин 39 жасында хоккейші карьерасын аяқтады

Өскемен қаласының тумасы Антон Худобин 39 жасында хоккейші мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
2023–2024 жылғы маусымда қақпашы ҚХЛ тұрақты чемпионатында «Сибирь» сапында бес матч өткізді. Қарсыластар соққысын тойтару пайызы – 90, сенімділік коэффициенті – 2.81 болды.
Хоккейші мансабында ҚХЛ-да магнитогорлық «Металлург» пен «Атлант» клубтарында өнер көрсетті. Ал НХЛ-де «Миннесота», «Бостон», «Каролина», «Анахайм», «Даллас» және «Чикаго» командаларының қақпасын қорғады.
«Сарыарқа» клубының бұрынғы бапкері қылмыстық іске ілінді
«Арланда» қалды: Тарасенконың жаңа маусымдағы жоспары белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или