Ойын ережелеріне сәйкес ҚПЛ 19-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер жарияланды

Ойын ережелеріне сәйкес ҚПЛ 19-турындағы жекелеген ойын сәттеріне түсіндірмелер жарияланды

Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Премьер-лиганың 19-турындағы жекелеген ойын сәттеріне қатысты түсіндірме жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оқжетпес – Елімай

10-минут – Қонақ команданың шабуылы кезінде шабуылшы №19 айып алаңына кіріп, қорғаушы №17-мен допқа таласады. Қорғаушы шабуылшының жейдесінен сәл ғана тартқанымен, бұл шабуылшыны құлатуға жеткіліксіз. Оның үстіне, қорғаушы тартуды тоқтатқаннан кейін де шабуылшы №19 тағы бір қадам жасап барып, әдейі құлады. Төреші ойынды жалғастыруды бұйырды.

Эпизод VAR жүйесінде тексерілгеннен кейін, араласудың қажеті жоқ деп танылды.Төрешінің шешімі – дұрыс.

63-минут – Қонақ команданың шабуылшысы №19 айып алаңында қақпаға тура соққы жасайды. Оның алдында тұрған алаң иелерінің қорғаушысы №15 допқа тосқауыл қою мақсатында секіріп, денесін үлкейтеді, әрекеті қақпашының қозғалысына ұқсас. Келесі сәтте доп қорғаушының денесінен алшақ орналасқан сол қолына тиеді. Төреші эпизодқа жақын тұрған және жақсы көріп тұрған күйде, бірден пенальти белгіледі.

VAR жүйесі тексеріс жүргізгеннен кейін араласуды қажет деп таппады.

Төрешінің шешімі – дұрыс.

Қызылжар – Тобыл

19-минут – Стандартты жағдайдан кейін қонақтардың шабуылшысы №4 баспен қақпаға соққы жасап, доп қақпа сызығынан өтеді. Осы сәттен кейін, шабуылшы №7 (баспен соққы жасалған сәтте офсайдта тұрған) допқа тиеді. Бірақ бұл допқа тию қақпа сызығынан өткеннен кейін болғандықтан, төреші голды дұрыс санады.

VAR тексерістен кейін араласқан жоқ – бұл дұрыс шешім.

Төрешінің шешімі – дұрыс.

85-минут – Ұзын пас жіберілгеннен кейін қонақ команданың қорғаушысы №15 допқа баспен ойнауға секіреді. Арт жағынан алаң иелерінің шабуылшысы №15 жылдам қарқынмен жүгіріп келіп, жоғары секіріп, денесімен қарсыласының арқасына қатты соғылып, оны құлатады. Бұл – айқын дөрекі әрекет. Осыдан кейін ойыншы төрешіге қимылмен және сөзбен наразылық білдіреді. Төреші оған сары қағаз көрсетеді. Бұл ойыншының екінші ескертуі болғандықтан, ол алаңнан қуылады.

Алаңнан кетіп бара жатып, ойыншы төрешіге қарай ирониямен қол шапалақтап, тәртіпсіздік әрекетін жалғастырды.

Бұл эпизод IFAB протоколына сәйкес VAR араласатын жағдайға жатпайды, өйткені мәселе екінші сары қағазға қатысты.

Төрешінің шешімі – дұрыс.

«Астананың» екі футболшысы мерейтойлы матчтарын өткізді

Молдовадағы жеңіс. «Астана» келесі кезеңге шықты

«Слован» «Қайратқа» қарсы матч алдында сенімді жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или