Чемпиондар лигасы: «Қайрат» командасының ықтимал қарсыластары анықталды

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» командасының ықтимал қарсыластары анықталды

Алматылық «Қайрат» командасының UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оған дейін қазақстандық команда үшінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Слован» (Братислава) клубымен шеберлік байқасады. Аталған ұжымды жеңген жағдайда плей-офф кезеңіндегі ықтимал қарсыласы белгілі болды. Олардың қатарында «Будё-Глимт» (Норвегия), «Селтик» (Шотландия), «Копенгаген» (Дания) мен «Мальмё» (Швеция), «Црвена Звезда» (Сербия) мен «Лех» (Польша), «Ференцварош» (Венгрия) пен «Лудогорец» (Болгария) жұптарының жеңімпазы бар.

Айта кетсек, алматылық футболшылар бірінші және екінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0) қапы қалдырып кетті.

Алматылық клуб еурокубок ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді. Дегенмен соңғы екі жылда бақ сынаған жоқ. 2022/23 жылғы маусымда Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде

Венгрияның «Кишварда» (0:1, 0:1) командасынан екі мәрте жеңіліп қалды.

«Астананың» екі футболшысы мерейтойлы матчтарын өткізді

Молдовадағы жеңіс. «Астана» келесі кезеңге шықты

«Слован» «Қайратқа» қарсы матч алдында сенімді жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или