Хабиб Макгрегор туралы пікір білдірді

Хабиб Макгрегор туралы пікір білдірді

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің экс-қарсыласы, ирландиялық Конор Макгрегор туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Макгрегор 2021 жылдан бері октагонға шықпаған және 2018 жылы Хабибтен жеңілгеннен кейін бар болғаны үш жекпе-жек өткізген еді.

«Сен қаншалықты жаман болсаң да, Алла бізге әрқашан тәубеге келуге және қайта оралуға мүмкіндік береді. Менің ойымша, оның да мүмкіндігі бар, бірақ ол өмір сүру салтын өзгертуі керек. Егер өзгере алса, көптеген адамның өмірін өзгерте алады. Сол себепті мен оған өзін өзгертуін тілеймін», – деді Хабиб Нью-Йорктегі көпшілік алдында сөйлеген сөзінде.

Абсолют чемпион мен блогердің айқасы: Усик ММА ережесімен жұдырықтасуға дайын

Ислам Махачевтің UFC-де титулдық жекпе-жегі жарияланды

Чимаев пен Дю Плесси титулды айқаста қанша табыс табады?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или