Бейсебеков пен Томасов мерейтойлы матчтарын өткізді

Бейсебеков пен Томасов мерейтойлы матчтарын өткізді

Елордалық «Астананың» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Молдовалық Зимбруға қарсы (2:0) сырт алаңда матчы Абзал Бейсебеков үшін еурокубоктардағы 75-ші ойын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астананың» 32 жастағы қорғаушысы Абзал Бейсебеков еурокубоктардағы дебютін 2013 жылы 4 шілдеде Астанада болгариялық Ботевке қарсы ойында (0:1) өткізді. Ол астаналықтар сапында 75 матчтың бәрін өткізіп, 4 гол соқты. Абзал Бейсебеков қазақстандық клубтар сапында еуропалық жарыстарда ойнаған матчтар бойынша үздік 2 рекордшы қатарына енді.

«Астананың» 37 жастағы хорватиялық жартылай қорғаушысы Марин Томасов 2017 жылдың 16 тамызында Глазгода шотландиялық «Селтикке» қарсы ойында (0:5) қазақстандық клубтар сапында еурокубоктардағы дебютін өткізді. Ол астаналықтар сапында 65 матчқа қатысып, 20 гол соқты. Марин Томасов қазақстандық клубтар сапында еурокубоктардағы үздік сұрмерген.

Молдовадағы жеңіс. «Астана» келесі кезеңге шықты

«Слован» «Қайратқа» қарсы матч алдында сенімді жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или