Монреаль турнирі: Рыбакина камбэк жасап, 1/4 финалға жолдама алды

Монреаль турнирі: Рыбакина камбэк жасап, 1/4 финалға жолдама алды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орын) Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Рыбакина украиналық Даяна Ястремскамен (35-орын) кездесіп, қарсыласын үш сетте – 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңді.

Монреальдағы турнирдің жүлде қоры 5 152 199 долларды құрайды. Жеңімпаз 752 275 доллар алады, сонымен қатар 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Қазіргі чемпион – америкалық Джессика Пегула (4-орын), бірақ ол үшінші раундта сенсациялық түрде бұл турнирден шығып қалды.


40 жастағы қазақстандық теннисші Канададағы жарысты сәтті бастады

Александр Бублик әлем рейтингінде бес саты жоғары көтерілді

Әлемнің 17-ракеткасы Almaty Open турниріне қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или