«Слован» «Қайратқа» қарсы матч алдында сенімді жеңіске жетті

«Слован» «Қайратқа» қарсы матч алдында сенімді жеңіске жетті

«Қайраттың» УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің үшінші турындағы қарсыласы «Слован» Словакия чемпионатының екінші турында үш ұпай жинады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Владимир Вайсс шәкірттері өз алаңында Подбрезов командасын 4:1 есебімен ұтты.

Жеңімпаздар сапында Давид Стрелец, «Астана» мен «Қайсардың» бұрынғы ойыншысы Тигран Барсегян, Рахим Ибрагим және Роберт Мак гол соқты. Қонақтардың жалғыз голын Матус Марчин соқты.

«Слован» келесі кездесуін 6 тамызда Алматыда Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Қайратқа» қарсы өткізеді.


Керемет камбэк! «Қайрат» өз алаңына финдік команданы ірі есеппен жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или