Роналдудың жанынан табыла ма? «Аль-Наср» Брунуға қызығушылық танытты

«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш ұлттық құрамадағы әріптесі Криштиану Роналдумен бір командада ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Португалиялық A Bola басылымының жазуынша, Брунуға Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубы қызығушылық танытып отыр. Клуб басшылығы «МЮ»-ге ресми ұсыныс жасауды жоспарлап отыр.
Фернандешке жаңа тағайындалған бас бапкер Жоржи Жезуш ерекше ықылас білдіруде. Айта кетейік, Жезуш кезінде Брунуға 2017 жылы «Спортинг» сапында дебют жасауға мүмкіндік берген болатын.
Бұған дейін 30 жастағы футболшыға «Аль-Хиляль» клубы да көз тіккен еді. Алайда «МЮ» бапкері Рубен Аморимнің жеке өтінішінен кейін Бруну ұсынылған 230 миллион еуродан бас тартқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или