Шавкат Рахмонов қарашада жекпе-жек өткізуі мүмкін

Шавкат Рахмонов қарашада жекпе-жек өткізуі мүмкін

UFC-дің жартылай орта салмағындағы қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдрахманов шәкірті қашан октагонға оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sport24-ке берген сұхбатында ол чемпион Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жек қарашада өтетінін ескере отырып, Шавкаттың дәл сол кезде өнер көрсетуі орынды болатынын жеткізді.

«Дивизион дамып келеді, жаңа есімдер пайда болуда. Сондықтан ең бастысы – денсаулық. Егер бәрі жақсы болса, қарашада Камару Усман немесе Белал Мұхаммед секілді қарсыластарға қарсы жекпе-жек өткізуге неге болмасқа?» – деді Әбдрахманов.

Айта кетейік, алдын ала жоспар бойынша қарашадағы UFC 322 турнирінің басты оқиғасы – жартылай орта салмақтағы чемпиондық айқас болмақ. Онда австралиялық Джек Делла Маддалена мен жеңіл салмақтан көтерілетін ресейлік Ислам Махачев жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или