Нұралы Әліп: «Зенит» – үлкен клуб

Нұралы Әліп: «Зенит» – үлкен клуб


Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп капитан ретінде алғаш рет алаңға шыққан кездегі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Ресей кубогының топтық кезеңінде грозныйлық «Ахматқа» қарсы өткен ойында (2:1) 25 жастағы маңғыстаулық футболшы «Зенит» капитаны ретінде командасын бастап шықты. Бұл – петерборлық клуб тарихындағы алғашқы қазақ капитан.

«Ең бастысы – жеңіске жеттік, Аллаға шүкір. Бүгін бізге жанкүйер болған, қолдау білдірген барша жанкүйерге рақмет! Алғашқы капитандық кездесу — және бірден жеңіс. Бұл мен үшін өте маңызды болды.

Грозныйда бізге әрқашан қиын. Бүгінгі матч соның дәлелі. Маған сенім артқан барлық адамға алғысым шексіз. Матч алдында жігіттер де қолдау көрсетті. Бұл – үлкен жауапкершілік. «Зенит» – үлкен клуб. Тағы да бәріңізге рақмет!» – деді Нұралы клубтың баспасөз қызметіне.

Айта кетейік, Нұралы Әліп «Зенит» сапына 2022 жылдың қаңтарында алматылық «Қайраттан» 2 миллион еуроға ауысып келген. Қазіргі келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды.

«Қайрат» – «Слован» матчына төрешілер тағайындалды

Түркістан облысында Қазақстан әуесқой лигасы ойындарына 186 команда қатысуда

Еурокубоктардың екінші іріктеу кезеңінен кейін Қазақстанның УЕФА рейтингіндегі орны белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или