Зайнутдинов пен «Динамо» Краснодарда сүрінді

Зайнутдинов пен «Динамо» Краснодарда сүрінді


Ресей Премьер-лигасының жаңа маусымындағы алғашқы жеңілісін мәскеулік «Динамо» дәл Краснодарда тіркеді. Үшінші тур аясындағы кездесуде Валерий Карпин шәкірттері жергілікті «Краснодарға» 0:1 есебімен жол берді.

Жалғыз әрі жеңіс голы ойынның соңына таман, 87-минутта соғылды. «Краснодар» шабуылшысы Джон Кордоба бұрыштамадан келген допты торға дәл бағыттап, алаң иелеріне маңызды үш ұпай сыйлады. Оған дейінгі ойын тең дәрежеде, шиеленісті өрбіген еді - екі команда да бір-бірінен басым түсе алмады.

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов бұл жолы да кездесуді қосалқы құрамнан бастап, 76-минутта алаңға шықты. Ол ойынға серпін беріп, орталықтағы ойынды жандандыруға тырысқанымен, нәтиже өзгермеді.

РПЛ, 3-тур«Краснодар» - «Динамо» - 1:0 (0:0)Гол: Джон Кордоба, 87 (1:0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или