Павел Житков бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша тергеліп жатыр

Павел Житков бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша тергеліп жатыр


Қазақстандық хоккей маманы Павел Житков бюджет қаржысына қатысты қылмыстық іс аясында күдікке ілінді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тергеу материалдарына сүйенсек, Житковтың үстінен қозғалған істегі кейбір эпизодтар оның «Сарыарқа» клубында жұмыс істеген кезеңімен байланысты болуы мүмкін.

Сол іспен қатар, аталған клубты кейінірек басқарған Диас Ертаевтың да есімі тергеу аясында аталып отыр. Ертаев 2023 жылға дейін «Сарыарқаның» басшысы болған.

Айта кетейік, 31 шілдеде Житков Ресейдің Қиыр Шығысындағы «Адмирал» клубының бапкерлік құрамынан кеткені хабарланды. Ресми мәліметке сәйкес, оның кетуіне отбасылық жағдай себеп болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или