«Крылья Советов» ірі есеппен жеңіп, РПЛ көшін бастады

«Крылья Советов» ірі есеппен жеңіп, РПЛ көшін бастады


РПЛ-дың 3-турында «Ростов» пен «Крылья Советов» кездесіп, ойын 4:1 есебімен самаралық клубтың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қонақтар сапынан Вадим Раков дубль авторы атанса, тағы екі голды Сергей Божин (56-минут) мен Максим Витюгов (84-минут) соқты.

Бұл жеңістен кейін жеті ұпай жинаған «Крылья Советов» турнир кестесінің көшін бастады. Ал үш турда да жеңіліп, ұпай ала алмаған «Ростов» 14-орында қалып отыр.

Айта кетейік, самаралық команданың тізгінін маусым айының басында Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Магомед Адиев ұстаған болатын. Оған дейін клубты ұзақ жыл Игорь Осинькин басқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или