UFC 319 турнирінде додаласатын қос мықтының қалтасы қалыңдай түсп

UFC 319 турнирінде додаласатын қос мықтының қалтасы қалыңдай түсп

Хамзат Чимаев пен Дрикус Дю Плесси арасындағы UFC 319 турниріндегі титулды жекпе-жек үшін спортшылардың қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

17 тамыз күні АҚШ-тың Чикаго қаласында өтетін айқаста орта салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Жеңіске жетсе, Чимаев мансабындағы ең қомақты — 1,8 миллион доллар көлеміндегі табысқа ие болады. Бұған дейін оның ең жоғары гонорары 1 миллион доллар болған — бұл соманы ол 2024 жылдың қазанында Роберт Уиттакермен өткен кездесуден кейін алған еді.

Ал Дю Плесси бұл жолы 3 миллион доллар табады деп жоспарлануда. Ол осыған ұқсас соманы биыл ақпанда Шон Стриклендті жеңгеннен кейін алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или