Көкшетаудағы ойын даулы пенальтимен аяқталды

Көкшетаудағы ойын даулы пенальтимен аяқталды

Қазақстан Премьер-лигасының 19-турында «Оқжетпес» пен «Елімай» 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін Дәурен Жұмат өткір бұрыштан соққы жасап, есепті ашты.

Арада көп уақыт өтпей, төреші көкшетаулық команданың қақпасына даулы пенальти белгіледі. Бұл шешім жанкүйерлер тарапынан түрлі пікір тудырды. Он бір метрлік мүмкіндікті Ғалымжан Кенжебек мүлт жібермей, таразы басын теңестірді.

Осы нәтижеден кейін қос команда да 29 ұпайға ие болып, турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде бәсекені жалғастырады.

«Қайрат» – «Слован» матчына төрешілер тағайындалды

Түркістан облысында Қазақстан әуесқой лигасы ойындарына 186 команда қатысуда

Еурокубоктардың екінші іріктеу кезеңінен кейін Қазақстанның УЕФА рейтингіндегі орны белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или