Тарасенко «Арланмен» келісімін ұзартты

Тарасенко «Арланмен» келісімін ұзартты


Шабуылшы Валентин Тарасенко келесі маусымда да Көкшетаудың «Арлан» клубы сапында ойнауды жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

24 жастағы хоккейшімен келісімшарт ұзартылғаны ресми түрде расталды. Өткен маусымда Тарасенко Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде 33 ойын өткізіп, 2 нәтижелі паспен көзге түсті.

Плей-офф кезеңінде ол екі матчқа қатысқанымен, ұпай жинай алмады. Бұған дейін ол «Бейбарыс» пен «Теміртауда» да өнер көрсеткен. «Арлан» сапында Тарасенко екі маусымнан бері ойнап келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или