UFC BJJ лигасында алғаш рет қазақ спортшысы өнер көрсетпек

UFC BJJ лигасында алғаш рет қазақ спортшысы өнер көрсетпек

Жақын айларда UFC BJJ лигасында Қазақстан атынан алғаш рет Азамат Бакытов жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Prosports.kz Шрёдингер спорты телеграм-арнасына сілтеме жасап.

28 жастағы спортшы бұған дейін ММА-де өнер көрсетіп, 9 жеңістен тұратын рекорд орнатқан. Сондай-ақ ол екі мәрте Nomad Wrestling турнирінің жеңімпазы атанған. Жаңа лигада Бакытов 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Айта кетейік, ММА-де ол жеңіл салмақта (70 келіге дейін) жұдырықтасып, соңғы рет 2023 жылдың мамырында октагонға шыққан.

UFC BJJ — UFC ұйымы 16 маусымда іске қосқан бразилиялық джиу-джитсу лигасы. Қазірге дейін екі турнир өтті: 25 маусым мен 31 шілдеде. Жекпе-жектер UFC-дің YouTube арнасында көрсетіледі: алғашқысы 1,4 млн қаралым жинаса, екіншісі 359 мыңнан асты.

Қытайдағы этникалық қазақ Тайлак Нуражы UFC-де дебютін өткізеді

ММА Open air форматындағы OCTAGON 77 турнирінің хедлайнерлері жарияланды

Қазақстандық әнші Қуат Хамитов туралы пікірі білдірді

Тайлақ Нұражы UFC турнирінде алғаш рет октагонға шығуы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или