Англияның үш клубы Коло Муаниға қызығушылық танытып отыр

«ПСЖ» шабуылшысы Рандаль Коло Муаниға бірден үш ағылшын командасы – «Манчестер Юнайтед», «Тоттенхэм» және «Ньюкасл» көз тігіп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионат порталына сілтеме жасап.
Футболшы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін париждік клубқа оралды. Алайда дереккөз мәліметінше, оның «Парк де Пренстегі» болашағы әлі де белгісіз.
Биылғы көктемде Коло Муани «Ювентус» клубында жалға ойнап, 22 матчта 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Қазіргі келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды. Transfermarkt мәліметі бойынша, ойыншының нарықтағы құны – 30 миллион еуро.
Танымал футболшы 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или