«Реалдың» ойыншысы «Ливерпульге» ауысуға жақын

«Реалдың» ойыншысы «Ливерпульге» ауысуға жақын

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Родриго Гоэс Англия чемпионатына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

ESPN дерегінше, «Ливерпуль» клубы 24 жастағы бразилиялық футболшының өкілдерімен келіссөз жүргізіп, жеке келісімшарт шарттары бойынша мәмілеге келген.

Оған дейін Родригоға қызығушылық танытқан клубтардың қатарында Лондонның «Тоттенхэмі» де болған. Алайда футболшы таңдауы «Ливерпульге» түскен.

Өткен маусымда Родриго «Реал» сапында 54 ойын өткізіп, 14 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді. Қазіргі келісімшарты 2028 жылға дейін жарамды, ал Transfermarkt дерегінше, ойыншының нарықтағы бағасы – 90 миллион еуро.

Танымал футболшы 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Месси «Интер Майамиде» қалады

Пьер-Эмерик Обамеянг «Марсель» сапына оралды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или