«Интер Майамидің» бас бапкері Мессиге қатысты пікірін айтты

«Интер Майами» командасының бас бапкері Хавьер Маскерано 38 жастағы шабуылшы Лионель Мессимен келісімшарт мерзімін ұзартуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.
«Леоға келетін болсақ, біз бәріміз оның келісімшартын ұзартады деп үміттенеміз. Бұл шешімді ол клубпен бірге қабылдайды - олар мұны жеке талқылап жатыр. Уақыты келіп, тараптар келісімге келгенде, олар бұл туралы хабарлайды. Мен де бұл қауесетті көрдім, бірақ бір ғана нәрсені айта аламын: бәріміз оны бізде қалады деп үміттенеміз», - деп келтіреді Goal Маскераноның сөзін.
Месси «Интер Майамиде» 2023 жылдың жазынан бері ойнайды. Осы кезеңде шабуылшы барлық турнирлерде 69 матчқа қатысып, 58 гол соғып, 28 нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жасалған.
Танымал футболшы 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін