Қазақстандық боксшылардың WBA рейтингіндегі орны белгілі болды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) шілде айындағы рейтингінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп жазады Prosports.kz.
Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың рейтингін ұсынамыз:
Екінші орта салмақтағы Бек Нұрмағанбет тоғызыншы орыннан 11-орынға түсті.
Жартылай орта салмақта Руслан Мәдиев 13-орынға тұрақтап, рейтингке енді. Айта кетейік, Мәдиев WBA Asia титулының иегері.
Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақта 14-орында қалды. Дәл осы салмақта WBA Gold титулының иегері, Жанқош Тұраров үздік 15-ке кірмеді.
Екінші жартылай жеңіл салмақтағы Сұлтан Зәуірбек рейтингте екінші орында тұр.
Ең жеңіл салмақта WBA Азия чемпионы Елшат Нығметолла тоғызыншы орында қалды.
Данияр Елеусінов жанкүйерлердің сынына жауап берді
Елшат Нығметолла Қытайда жекпе-жек өткізеді
Назым Қызайбай көпбалалы отбасыларға қаржылай көмек көрсетті