Анна Данилина 5 миллион долларлық турнирден ұшып кетті

Анна Данилина 5 миллион долларлық турнирден ұшып кетті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Канададағы Монреаль қаласында өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Данилина мен Крунич АҚШ өкілі Тейлор Таунсенд пен қытайлық Чжан Шуай дуэтімен кездесіп, үш сетке созылған тартысты матчта 7:6, 6:7, 4:10 есебімен жол берді. Кездесу 2 сағат 11 минутқа созылды.

Осылайша, қазақстандық теннисші мен оның серіктесі турнирдегі жолын мерзімінен бұрын аяқтады, ал олардың қарсыластары ширек финалға жолдама алды.

Монреаль турнирінің жүлде қоры — 5 152 199 доллар. Жұптық сындағы жеңімпаздар 262 780 доллардан және 1000 рейтингтік ұпайдан алады. Айта кетейік, Анна Данилина — Қазақстанның үздік жұптық теннисшісі, қазіргі таңда ол WTA рейтингінде 10-орында тұр. 

40 жастағы қазақстандық теннисші Канададағы жарысты сәтті бастады

Алматыдағы теннис орталығы Ролан Гарростың ресми клубы атанды

Александр Бублик әлем рейтингінде бес саты жоғары көтерілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или