Чемпиондар лигасы. УЕФА «Қайрат» пен Дастан Сәтпаевты ерекше атап өтті

УЕФА алматылық «Қайраттың» камбэгін осы аптада еуропалық футболда орын алған жарқын оқиғалардың бірі ретінде атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылық ұжым Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында финляндиялық КуПС командасын 3:0 есебімен жеңген болатын.
Әсіресе бұл кездесуде гол мен нәтижелі пас авторы атанған 16 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың ойыны ерекше бағаланды.
«Бой көрсетіп келе жатқан жұлдыз Дастан Сәтпаев УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Қайраттың» әсерлі камбэгінің шапшаңдатқышына айналды. Қазақстандық клуб екінші іріктеу кезеңінде Финляндияның КуПС командасын екі матч бойынша 3:2 есебімен жеңді», — деп жазды УЕФА-ның X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы.
🇰🇿 Rising teenage star Dastan Satpaev sparked a stunning #UCL comeback win for Kairat Almaty.
— UEFA (@UEFA) August 1, 2025
The club from Kazakhstan beat KuPS Kuopio 3-2 on aggregate in the second qualifying round. pic.twitter.com/r6KuTEKJd4
Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Қайраттың» қарсыласы Словакияның «Слован» командасы болады. Алғашқы матч 6 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Қарымта ойын 13 тамызда Словакия астанасы Братиславада болады.
«Басқа деңгейде». «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы жорығы жалғасады