Қазақстандық балуан Poland Open турнирінде медальға бір қадам жетпей қалды

Қазақстандық балуан Poland Open турнирінде медальға бір қадам жетпей қалды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Светлана Анкичева Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан ірі турнирде жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан жартылай финалға дейін жетті. Алайда финалға шығу үшін өткен белдесуде ол италиялық Эмануэла Люцциге жол берді.

Сондай-ақ, қола медаль үшін өткен кездесуде де жеңіліп қалды. Бұл жолы швейцариялық Свенья Юнго басым түсті.

Польшадағы турнирде қазақстандық балуандар тағы екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы АҚШ-та өткен турнирдің бірінде ауыр жарақат алып қалды

Әйелдер күресінен жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: Мадхия Усманова алтын медаль иеленді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или