Польшадағы турнирде қазақстандық балуандар тағы екі медаль жеңіп алды

Польшадағы турнирде қазақстандық балуандар тағы екі медаль жеңіп алды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Варшавада өтіп жатқан халықаралық турнирде тағы екі жүлдеге ие болды деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жерлестеріміз 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік шыққан. 

Бақытжан Қабдыл финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Қырғызстан спортшысы Жоламан Шаршенбековке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Сайфулла Құрман жарысты қола жүлдемен аяқтады. 

Айта кетейік, мұның алдында Диас Қалтай (82 келіге дейін) мен Ерзат Ерланов (97 келіге дейін) үшінші орынға ие болған еді.

Сондай-ақ кеше Грекия астанасы Афины қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында Мадхия Усманова (57 келі) алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық дзюдошы АҚШ-та өткен турнирдің бірінде ауыр жарақат алып қалды

Әйелдер күресінен жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: Мадхия Усманова алтын медаль иеленді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или