Қазақстандық пара спортшылар шахматтан өткен әлем чемпионатынан олжалы оралды

Қазақстандық пара спортшылар шахматтан өткен әлем чемпионатынан олжалы оралды

Үндістанның Гоа қаласында шахматтан 21-30 шілде аралығында өткен әлем чемпионатында қазақстандық пара спортшылар 9 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дүниежүзілік додаға 18 елден 100-ден астам спортшы қатысты. Аталған дода шахматтың классика, блиц және рапид ойын түрлерінен өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша классикалық шахматтан Аяулым Қамбарова, Бақытжан Майкенов және Әлімжан Аяпов қола медаль иеленді. Блиц ойын түрінен Аяулым Қамбарова мен Бақытжан Майкенов күміс, ал Серік Солтанов пен Әлімжан Аяпов қола жүлде иеленді. Ал рапид бойынша Аяулым Қамбарова мен Әлімжан Аяпов екінші орын алды.

Аты аңызға айналған ринг-анонсер әлі қанша жұмыс істейтінін айтты

Қазақстанда жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Назар Қожанов суға секіруден әлем чемпионатында жеке рекордын жаңартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или