Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді

2 тамызда Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығында Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жарыс World Athletics Continental Tour Bronze Level сериясына енген және халықаралық маусымдағы маңызды кезеңдердің бірі болып саналады.
Биыл турнир 2-3 тамыз аралығында өтеді. Жарысқа 17 елден 214 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан көптеген көшбасшы бақ сынайды.
Жарыс аясында спортшылар қыркүйек айында Жапонияда өтетін әлем чемпионаты алдында маңызды рейтингтік ұпайлар жинауға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, көрермендер үшін кіру тегін болады.
Аты аңызға айналған ринг-анонсер әлі қанша жұмыс істейтінін айтты
Қазақстандық әнші Қуат Хамитов туралы пікірі білдірді
Назар Қожанов суға секіруден әлем чемпионатында жеке рекордын жаңартты