Түркістан облысында Қазақстан әуесқой лигасы ойындарына 186 команда қатысуда

Түркістан облысында Қазақстан әуесқой лигасы ойындарына 186 команда қатысуда

Қазіргі уақытта Түркістан облысындағы 17 ауданда Қазақстан әуесқой лигасына барлығы 186 команда қатысуда, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

Түркістанда ұйымдастырылған Қазақстанның Әуесқойлар лигасы екі кезеңде жүреді. Алдымен аудандар A, B, С және D топтарында ойнап, кейін олар облыстық кезеңге жолдама алады.

Қазір екі топтағы ойындар аяқталып, С тобындағы ойындар жалғасуда. Ол Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде ұйымдастырылды. Алдағы уақытта D тобының ойындары басталады. Топтық кезеңнің жеңімпазы облыстық деңгейде аудан намысын қорғайды.

Ал облыстық кезеңнің финалдық ойынын тамыздың үшінші жексенбісінде Спорт күніне қарай ұйымдастыру жоспарланып отыр.

«Қайрат» - «Слован» матчына төрешілер тағайындалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или