Қазақстандық әнші танымал спортшыға қатысты өз ойымен бөлісті

Қазақстандық әнші танымал спортшыға қатысты өз ойымен бөлісті

Қазақстандық танымал әнші Луина ММА спортшысы Қуат Хамитов туралы пікірі білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ол – тік мінезді, өз ойы мен ұстанымы бар адам. Мен оны желіден тыс, камерадан тыс ортада жақсы білемін. Қуат өте тәрбиелі, кішіпейіл. Ол ешқашан менің немесе таныстарымның намысына тиетін сөз айтқан емес. Нағыз қазақтың жігіті. Өз басым қатты құрметтеймін», – деді Луина SPORT+ арнасына берген сұхбатында.

Айта кетсек, Қуат Хамитов еліміздегі спорт саласына қатысты өткір көзқарастарымен жиі көзге түседі. Әсіресе, ол қазақстандық футболшыларға қатысты сыни пікірлерімен белгілі.

Аты аңызға айналған ринг-анонсер әлі қанша жұмыс істейтінін айтты

Тайлақ Нұражы UFC турнирінде алғаш рет октагонға шығуы мүмкін

Сора Рахмонова отбасындағы ауыр жағдайдан кейін үн қатты


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или