Алматы қаласында Ролан Гарростың ресми клубы болады

Алматы қаласында Ролан Гарростың ресми клубы болады

Gorky Tennis Park орталығы әлемдегі ең беделді теннис турнирлерінің бірі Roland Garros ресми клубы мәртебесін алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Gorky Tennis Park осындай атаққа қол жеткізген әлемдегі үш клубтың бірі атанды. Әріптестік Франция теннис федерациясы және Gorky Tennis Park арасында ресми келісіммен бекітілді.

— Біз тарихи сәтке қол жеткізіп, Қазақстан аумағында үлкен брендтің атынан өкілдік ететінімізге өте қуаныштымыз. Өйткені біздің басты міндетіміз — елде теннисті кемеліне келтіре дамыту. Енді біздің балаларымыз бен теннис жанкүйерлері Rolland Garros атмосферасы, мәдениеті, дәстүрлерімен танысып, жақсы жағдайда жаттыға алады, — деп атап өтті Gorky Tennis Park бас директоры Ардақ Абижанов.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметіне қарағанда, бұдан былай Gorky Tennis Park төрт «Үлкен дулыға» турнирінің бірі — Франция ашық чемпионатын ұйымдастыру мен өткізуге байланысты құрылымның бөлігіне айналады. Әлемдегі ең беделді теннис турнирлерінің бірімен байланысы арқасында қазақстандық орталық Roland Garros ресми клубы ретінде әлемдік теннис қауымдастығында таныла түсетін болады.

Әріптестік аясында Gorky Tennis Park Орталық және Батыс Азия елдері үшін Roland Garros Junior Series by Renault іріктеу кезеңін өткізу құқығына ие болды. Бозбалалар мен қыздар арасында жеңімпаздар, сондай-ақ финалистер Токиода биыл 13-19 қазанда өтетін финалдық кезеңге қатысады, онда Азияның мықты жасөспірімдері бас қосады.

— Франция теннис федерациясы Roland Garros талаптарына сай келетін топырақ төсенішіндегі сапалы корттары бар Gorky Tennis Park клубымен ынтымақтастықты мақтан етеді. Қазақстандағы Roland Garros бірегей клубы ретінде Gorky Tennis Park аймақта теннис үшін жаңа стандарт орнатады. Біз 2024 жылдан клубтың Орталық және Батыс Азия елдері үшін Roland Garros Junior Series by Renault іріктеу турнирін өткізе бастағанына ерекше ризамыз. Бұл — топырақ төсенішіндегі чемпиондардың жаңа буынын тәрбиелеудегі маңызды қадам, — деді Roland Garros халықаралық бағытының басшысы Аймерик Лабаст.

Азия теннис федерациясының президенті Юрий Польскийдің атап өткеніндей, Алматы қаласындағы Gorky Park қазақстандық теннис орталығының Roland Garros ресми клубы ретінде мойындалғаны — айрықша жетістік.

— Бұл — Азия тарихында Қытайдың Roland Garros Club Hainan клубынан кейінгі екінші оқиға. Клубтың өз жұмыс деңгейі мен теннис инфрақұрылымының сапасы үшін осынша жоғары баға алғаны қуанышты. Біз Gorky Tennis Park тек Қазақстан ғана емес, Азиядағы ең жарқын және танымал теннис клубтарының біріне айналарына сенімдіміз, — деді Юрий Польский.

Бұл — Қазақстан теннис федерациясының көп жылғы қолдауының нәтижесі. Федерация бапкерлерді дайындауға, ойыншыларды қолдауға және клубтық жұмыс пен инфрақұрылым талаптарын көтеруге мақсатты түрде әрі үнемі қаржы салып келеді.

40 жастағы қазақстандық теннисші Канададағы жарысты сәтті бастады

Монреаль турнирі: Рыбакина 1/8 финалға жолдама алды

Алматыда жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» іріктеу турнирі өтеді

Александр Бублик әлем рейтингінде бес саты жоғары көтерілді

Әлемнің 17-ракеткасы Almaty Open турниріне қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или