World Boxing: бүгін Таиландта бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталады

Бүгін Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталады. Бұл туралы ҰОК мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыс қарсаңында жеребе тарту рәсімі өтті. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.
Аталған дода World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтетін жастар арасындағы алғашқы құрлық біріншілігі. Сонымен қатар 26 елден 400-ге жуық спортшы қатысады.
Бүгін, 31 шілдеде жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде Бақыт Сәрсекбаев бастаған жігіттердің алғашқы қарсыластары белгілі болды.
Бұған дейін ұлттық құрама сапы кіл мықтылармен жасақталғанын жазған едік. Бұл басқа елдің құрамаларына да қатысты. Себебі жарысқа тіркелген спортшылардың қатарында жастар және жасөспірімдер арасында топ жарып жүргендер бар.
Мысалы, Самандар Олимов (Өзбекстан), Прит Малик (Үндістан), Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан), Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан) сынды жастар арасындағы әлем чемпионадары мен құрлық біріншілігінің жүлдегерлері шаршы алаңға шығады. Жалпы турнир жоғары деңгейде өтетіні анық.
Төменде ерлер арасында жеребе тарту рәсімінің нәтижесі көрсетілген:
50 келіге дейін: Нұрзат Оңғаров – Вики Тахумил (Индонезия)
55 келіге дейін: Бексұлтан Боранбек – Самандар Олимов (Өзбекстан)
60 келіге дейін: Нұрислам Қалдыбаев – Сын Хун Ю (Оңтүстік Корея)
65 келіге дейін: Илья Калинин – Малик Прит (Үндістан)
70 келіге дейін: Нұрбек Мурсал – Картик Далал (Үндістан) – Брэндон Сориано (Филиппин) арасындағы жекпе-жек жеңімпазы
75 келіге дейін: Аман Қонысбек – Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан)
80 келіге дейін: Санжаралы Бегалиев – Сонву Чан (Оңтүстік Корея)
85 келіге дейін: Азатбек Жолдасхан – Роки Чаудхари (Үндістан)
90 келіге дейін: Темірлан Мұқатаев – Куо Чао (Қытай)
90 келіден жоғары: Нұрасыл Асылхан – Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан)
U22 әйелдер арасындағы жеребе тарту рәсімінің қорытындысы:
48 келіге дейін: Гүлназ Бөрібаева – Чи Нго (Вьетнам)
51 келіге дейін: Томирис Мырзақұл – Ким (Оңтүстік Корея)
54 келіге дейін: Сымбат Әлиасқар – Чин-Лин (Тайбэй)
57 келіге дейін: Виктория Байдукова – Хуморабону Мамаджонова (Өзбекстан)
60 келіге дейін: Әсем Таңатар – Ю Тиан (Қытай)
65 келіге дейін: Аружан Жанабаева – Дина Шанатбиеке (Қытай)
70 келіге дейін: Бақыт Сейдіш – Жанг (Қытай) – Парнджал (Үндістан) арасындағы жекпе-жек жеңімпазы
75 келіге дейін: Шұғыла Нәлібай - Шрути (Үндістан)
80 келіден жоғары: Әсел Тоқтасын – Диёрахон Абдуманвобова (Өзбекстан)
Қазақстандық боксшылардың барлығы жарыс жолына алғашқы айналымнан бастап шықпайды. Мысалы, Нұрбек Мұрсал (75 келіге дейін), Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Сымбат Әлиасқар (54 келіге дейін), Әсем Таңатар (60 келіге дейін), Аружан Жанабаева (65 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) турнирді ширек финалдан бастаса, Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) және Әсел Тоқтасын (80 келіден жоғары) бірден финалға шығу үшін жұдырықтасады.
Айта кетейік, 1 тамызда алғаш болып U19 жас санатындағы спортшылар бақ сынайтын болады. Турнирдің өзі 11 тамызға дейін жалғасады.
Назым Қызайбай көпбалалы отбасыларға қаржылай көмек көрсетті
Жәнібек Әлімханұлының белбеуіне міндетті үміткер анықталады
22 жасқа дейін Қазақстан құрамасының бапкері шәкірттеріне 40 келі қазы сатып алды