Еурокубоктардың екінші іріктеу кезеңінен кейін Қазақстанның УЕФА рейтингіндегі орны белгілі болды

Еурокубоктардың екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчтарынан кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттерінің рейтингінде 39-шы орында тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта ойынында алматылық «Қайрат» өз алаңында финдік КуПС командасын (3:0) ұтты.
«Астана» «Зимбруды» жеңіп, Конференция лигасының іріктеу кезеңінің үшінші кезеңіне өтті, ал «Ақтөбе» «Спартадан» ұтылып (0:4) еурокубоктық науқанды аяқтады.
УЕФА коэффициенттер кестесі:
1. Англия – 94,839 (4,000);
2. Италия – 84,374 (3,428);
3. Испания – 78 703 (3 750);
4. Германия – 74 545 (3 428);
5. Франция – 67 748 (2 571);
6. Нидерланды – 60 450 (2 500);
7. Португалия – 54 366 (1 700);
8. Бельгия – 52 350 (1500);
9. Түркия – 42 400 (1 600);
10. Чехия – 39 200 (1 700);
37. Босния және Герцеговина – 11 656 (1 250);
38. Косово — 11 583 (1 375);
39. Қазақстан — 11500 (1375);
40. Фарер аралдары — 9250 (1250);
41. Лихтенштейн — 8500 (1000);
42. Мальта — 8 125 (1 125).
* Ағымдағы маусымның рейтингі жақшада көрсетілген.
«Ақтөбе» еурокубокта қанша миллион теңге тапты?
«Ақтөбе» ірі есеппен ұтылған матчтың үздік сәттері
Молдовадағы жеңіс. «Астана» келесі кезеңге шықты