Месси «Интер Майамиде» қалады

Месси «Интер Майамиде» қалады

«Интер Майамидің» капитаны Лионель Месси клубпен келісімшартын 2028 жылдың соңына дейін ұзартады.Бұл туралы Tot Costa подкастында журналист Хави Кампос (X әлеуметтік желісіндегі 17,9 мың жазылушы) мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің айтуынша, жаңа келісім алдағы апталарда белгілі болады.

Лео 2026 жылғы әлем чемпионатында және 2028 жылғы Америка кубогында ойнауды жоспарлап отырғаны атап өтілді.

38 жастағы аргентиналықтың клубпен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін есептелген.

Месси осы маусымда «Интер» сапында барлық турнирлерде 23 матч өткізіп, 19 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.


Месси МЛС-тің шілде айындағы үздік футболшысы атанды

«Милан» жолдастық ойында жауапсыз 9 гол соқты

Флик Араухоның «Барселонадағы» болашағына қатысты пікір білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или