Пьер-Эмерик Обамеянг «Марсель» сапына оралды

Габондық шабуылшы Пьер-Эмерик Обамеянг «Марсель» сапына оралды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі француз клубының ресми сайтына сілтеме жасап.
36 жастағы футболшымен жасалған келісімшарттың мерзімі нақты көрсетілмеген. Алайда журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, шабуылшы 2026/2027 маусымына дейін келісімге қол қойған.
Обамеянг «Марсель» сапында 2023/2024 жылғы маусымда ойнап, кейін Сауд Арабиясының «Әл-Кадисия» клубына ауысқан еді.
2024/2025 жылғы Сауд Арабия Про-лигасында 36 жастағы Обамеянг 32 матчқа қатысып, 17 гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, Сауд Арабия кубогында төрт матчта төрт голмен көзге түскен.
Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 3,5 миллион еуроға бағалап отыр.
ЦСКА ардагері ресейлік Игорь Акинфеевті Роналдумен салыстырды
«Милан» жолдастық ойында жауапсыз 9 гол соқты