«Астана» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды

Бүгін Молдовада «Зимбру» мен «Астана» командалары арасында қарымта матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өткен матчта елордалық команда молдовалық «Зимбруға» қонаққа барды. Кишинев қаласында өткен кездесуде қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймның 18-минутында Джеффри Чинеду есеп ашса, үш минуттан кейін Марин Томасовтың берген нәтижелі пасынан кейін Усман Камара есепті еселеді.
Еске салайық, Астанада өткен алғашқы кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Осылайша екі матч қорытындысы бойынша астаналықтар келесі кезеңге жолдама алды.
Үшінші іріктеу кезеңіндегі елордалықтардың қарсыласы Солтүстік Македонияның «Вардар» және Швейцарияның «Лозанна» арасындағы матчта анықталады.
Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезең
«Зимбру» (Кишинев, Молдова) - «Астана» (Астана, Қазақстан) 0:2 (0:2)
Голдар: Чинеду 18, Камара 21
«Қайрат» - «Слован» матчына төрешілер тағайындалды
Сарапшы: «Мұндай «Қайратты» көптен бері көрмеп едім»
«Елімай» ойыншысы алдағы «Оқжетпеске» қарсы матчқа қатыспайды