«Қайрат» - «Слован» матчына төрешілер тағайындалды

«Қайрат» - «Слован» матчына төрешілер тағайындалды

УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен «Слован» арасындағы алғашқы матчқа төрешілер тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші ойын 6 тамызда Алматыда өтеді. Бұл ойында нидерландтық төрешілер тобы қызмет атқарады. Бас төреші — Сердар Гёзюбююк. Оған Эрвин Зейнстра мен Патрик Иниа көмек көрсетеді. Төртінші төреші — Янник ван дер Лаан. VAR жүйесінде Пол ван Букел жұмыс істейді, оған Эрвин Бланк көрсетеді.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңдегі алғашқы ойында «Қайрат» финляндиялық КуПС-тан 0:2 есебімен жеңілген еді, ал қарымта матчта 3:0 есебімен камбэк жасап, келесі кезеңге жолдама алды.

Сарапшы: «Мұндай «Қайратты» көптен бері көрмеп едім»

«Елімай» ойыншысы алдағы «Оқжетпеске» қарсы матчқа қатыспайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или