Әйелдер күресінен жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: Мадхия Усманова алтын медаль иеленді

Әйелдер күресінен жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: Мадхия Усманова алтын медаль иеленді

Қазақстандық Мадхия Усманова әйелдер күресінен Грекияның Афина қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Усмановаға бұл жолы тең келетін қарсылас табылмады. Финалда ол Үндістан өкілі Мониді 6:5 есебімен ұтып, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Ал 43 келіге дейінгі салмақта Інжу Баққожа қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Жаңажол Қуанышбек те алтын медаль жеңіп алған болатын.

Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері Польшадағы турнирде алғашқы медальдарға қол жеткізді

Грек-рим күресінен ӘЧ: Жанажол Қуанышбек чемпион атанды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или