Валерий Масалитин Игорь Акинфеевті Роналдумен салыстырды

Валерий Масалитин Игорь Акинфеевті Роналдумен салыстырды

КСРО чемпионы, ЦСКА клубының ардагері Валерий Масалитин қақпашы Игорь Акинфеевті португалиялық жұлдызды шабуылшы Криштиану Роналдумен салыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Акинфеев біздің чемпионатта барлық жүлдені жеңіп алды, ал Роналду бүкіл әлемде жеңіске жетіп, жоғары деңгейде ойнады. Игорь мұнда, бізде тарих жазып жатыр. Ал Криштиану әлем мен Еуропада тарих жазды. Бірақ Акинфеев өз ісін атқарып жүр, ал Роналду көбіне жұртшылық үшін ойнайды», — деді Масалитин.

39 жастағы Акинфеев ЦСКА сапында алты рет Ресей чемпионы атанып, жеті рет ел кубогын жеңіп алған. 2004/05 маусымында УЕФА кубогының иегері болды. Ресей құрамасы сапында 2008 жылы Австрия мен Швейцарияда өткен Еуропа чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. 2018 жылы Акинфеев Ресей құрамасымен өз елінде өткен әлем чемпионатында 1/4 финалға дейін жетіп, содан кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады.

«Милан» жолдастық ойында жауапсыз 9 гол соқты

Флик Араухоның «Барселонадағы» болашағына қатысты пікір білдірді

Месси МЛС-тің шілде айындағы үздік футболшысы атанды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или